Түркістанда ер адам кішкентай бүлдіршінді тепкілеп тастаған

22 Ақпан 2024, 11:01
3121
Бөлісу:
Түркістанда ер адам кішкентай бүлдіршінді тепкілеп тастаған
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

"Не Молчи" қорының басшысы Дина Таңсәрі оқырманының жанайқайға толы хабарламасын жариялаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Видеода ер адам 4-5 жастағы ұл баланы тепкілеп жатыр. Қасында жасы шамалас қыз бала отыр. Екеуі де жылап жатыр. Үйдің іші лас. Балалар қалжырап кеткен. Бұның барлығына бей-жай қарау мүмкін емес, - деп жазды ол.

"Криминальный Казахстан" телеграм-каналының мәліметіне сәйкес қаскөйдің ұсталғаны анықталды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр екен.

Сайрам ауданы Полиция басқармасы кәмелет жасына толмаған балаларға қатысты жасалған заңсыз әрекет дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген ведомство хабарламасында.

Дина Таңсәрі балалар омбудсмені Динара Зәкиеваға осы мәселені қолға алуды сұрады.

Өзгелердің жаңалығы