Түркістан облыстық сотында Қызылорда облысының тұрғыны екі жас баланы тұншықтырып өлтірген әйелдің ісі қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әйел 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Істі алқабилер қарады.
7 ақпанда Түркістан қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі жас баланың денесі табылған болатын.
Олардың қайтыс болғаны туралы анасы досына хабарлап, қашып кеткен еді.
Кіші баласы екі жаста болса, үлкені бес жаста еді. Келесі күні анасы Шымкентте ұсталды.
Қылмыскер тәрбиеші болып жұмыс істеген екен.