Түркістанда 50 га аумаққа заманауи үлгідегі жылыжай салынады

11 Сәуір 2022, 11:11
1950
Бөлісу:
Түркістанда 50 га аумаққа заманауи үлгідегі жылыжай салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында жалпы 1 467,4 гектарды құрайтын 3 366 жылыжай бар. 

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Сондай-ақ, биыл Түркістанда 50 гектар аумаққа заманауи үлгідегі жылыжай кешенін салу жолпарлануда. Қазіргі таңда ивесторлар анықталып, инфрақұрылым мәселесі қаралуда. Бұл туралы брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Әлібек Піләлов мәлімдеді.

Жуырда Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келді. Ол жылыжаймен айналысатын шаруалармен кездесіп, өзекті мәселелер талқыланды. Мәселен, жылыжай шаруашылықтары - пайдаланатын қуат көздерінің 50% дейін субсидиялау, жылыжай шаруашылықтарының несиелерін төлеу мерзімін ұзарту, коммуналдық төлемдерге төленетін тариф көлемін күндізгі және түнгі кезеңге бөліп төлеу тетіктерін қарастыру жөніндегі ұсыныстарын жеткізді, - деді Әлібек Әбдіхалықұлы.

Айта кетейік, Түркістан қаласы маңында 11 мың гектар азық-түлік белдеуін құру жобасы іске асырылуда. Бүгінгі таңда 2,2 мың га алқапқа 65 жаңбырлатып суару қондырғылары орнатылды. Ағын суды 2 есе үнемдеуге бағытталған технологияның тиімділігі өнімділікті 3 есеге дейін арттыруға септігі мол. Жалпы азық-түлік белдеуі аясында құны 34,7 млрд теңгені құрайтын 5 серпінді инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Өзгелердің жаңалығы