Түркістанда 247 мың гектар жер суармалы сумен қамтылды

Бүгiн, 09:08
206
Бөлісу:
Түркістанда 247 мың гектар жер суармалы сумен қамтылды
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Түркістан облысы бойынша "Қазсушар" филиалы 274 мың гектар жерді суармалы сумен қамтамасыз етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Жетісай қаласында өңірдің шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті.

Кездесуде Түркістан облысы бойынша "Қазсушар" филиалының директоры Қазбек Бедебаев өңірде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады. Биыл шаруалар сұранысы бойынша суармалы сумен үздіксіз қамтамасыз етілді. Суару маусымы тұрақты өтіп, филиал облыстың 274 мың гектар егіс алқабын сумен қамтамасыз етті.

2024 жылы филиал ұзындығы 640 шақырым болатын 278 арнаны механикалық әдіспен тазартты.

Суару арналары үнемі жөндеуден өтеді. Бұдан бөлек, шаруаларға су үнемдейтін технологияларды енгізгендері үшін субсидия беріледі. Су үнемдейтін технологияларға көшкен дихандарға субсидиядан бөлек жеке тариф көзделген. Бұл шаруалар үшін өте тиімді, - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Өз кезегінде шаруалар толғандырған сұрақтарын қойып, суармалы сумен жабдықтауға қатысты өзгерістер бойынша ақпарат алды.

Кездесуден кейін Су ресурстары және ирригация вице-министрі мен облыс әкімінің орынбасары азаматтарды жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қоғамдық қабылдауда көтерілген мәселелерді шешу бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді.

Өзгелердің жаңалығы