Түркістан облысының полицейлері 9 сәуірде Ордабасы ауданындағы суару каналынан мәйіті табылған қызды өлтірді деген күдіктіні анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Түркістан облысы ПД адам өлтіруді тергеу бөлімінің бастығы Нұрым Агманов істің мән-жайын айтып берді.
Күдікті – 11-сынып оқушысы. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды, - деді тергеуші.
Қазіргі күні осы жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
Тергеу ісі Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.