Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда «Мейірім» акциясы аясында 100 оқушыға мектеп формасы сыйға берілді.
Адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделген мейірімділік адамгершілік қасиеттің белгісі.
Адамның тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі де мейірімділік.
Түркістанда қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің бастамасымен «Мейірім» акциясы жалғасын тапты.
Түркістан қаласының кәсіпкері Базарбай Мұсабеков өз демеушілігімен 100 балаға қуаныш сыйлады, - делінген қаланың баспасөз қызметінің хабарламасында.Игі шарада оқушыларға жаңа оқу жылына күз, қыс айларына арналған форма, спорттық киімдері және мектеп сөмкелері берілді.
Ел бірлігі мен қайырымдылықты мақсат еткен бастама әлі де жалғасын табады.