Түркістан полицейлері жаяу жүргіншіден 2 келіден астам марихуана тәркіледі

6 Желтоқсан 2021, 11:21
1512
Бөлісу:
Түркістан полицейлері жаяу жүргіншіден 2 келіден астам марихуана тәркіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан полицейлері жаяу жүргіншіден екі жарым келі марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-нің ЖПҚ полиция қызметкерлері Түлкібас ауданы аумағында республика көлемінде жүргізіліп жатқан құқықтық тәртіп іс-шарасын жүргізіп жатыр.

Іс-шара барысында Түлкібас ауданы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолы бойында белгісіз жаяу жүргінші күдік тудырады. Содан тәртіп сақшылары азаматтан жеке-басын анықтайтын құжатын сұрайды.

Осы сәтте күдікті сырт киімінің кеуде тұсынан құжатын ала бергенде, пакет орамасы қоса түсіп қалған. Полицейлер оны тексеру барысында, хош иісті есірткіге ұқсас зат екенін анықтады.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Жолаушыдан айғақты заттар тәркіленіп, сараптамаға жолданды.

Сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың 2,5 кг болатын кептірілген «марихуана» екендігі анықталды. Қазіргі таңда күдікті ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысында күдікті азамат есірткі затын тауып алғанын және оны өзі пайдаланбақ болғанын мойындаған. Түркістан облысының полицейлері өз кезегінде азаматтарға есірткі заттарын сақтау және заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады, сондай-ақ азаматтарды зиянды әдеттерден бас тартуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.


Өзгелердің жаңалығы