Түркістанда Шұбар ауылының іргесіндегі Арыс өзенінің жағасында орналасқан «АҚ ОРДА Б» кәсіпкерлігі өңірде балық өсіру шаруашылығын өркендетіп келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шаруашылықтың жалпы аумағы 4,5 гектар. Оның ішінде 1,3 га жерге тоған қазылып, 20 мың сазан шабағы жіберілген. Жоба құны – 20 млн теңге. Жылына 60 мың тонна сазан шабақтарын өсіріп отырған шұбарлық кәсіпкер Бақытжан Бекбосынов осы кәсіпке ден қойған. Келесі жылдан бастап өз өнімін нарыққа шығаратын ол жергілікті үш азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр, - деп жазды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Кәсіпкердің айтуынша, тәжірибелік тұрғыда және өзге де бағыттарда кәсіпкерлерге жергілікті әкімдік тарапынан тиісті деңгейде көмектер ұйымдастырылуда. Бүгінде кәсіпкер тағы 3,0 га жерге тоған қазуды жоспарлауда.
Айта кетсек, қазіргі таңда Ордабасы ауданында балық өсіру саласы кең өріс алып келе жатыр.