Түркістан облысының полицейлері 2500-ден астам түп көкнәр тәркіледі

19 Мамыр 2023, 18:37
1315
Бөлісу:
Түркістан облысының полицейлері 2500-ден астам түп көкнәр тәркіледі
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысының тұрғыны үйінде көкнәр өсірген. Полицейлер 2500-ден астам түп көкнәр тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен Шардара ауданының полицейлері бірлесіп, есірткі заттарын заңсыз сақтап, өсірген күдіктіні анықтады.

Нақтырақ айтсақ, полиция қызметкерлері Шардара ауданы тұрғынының үйіне тінту жүргізу кезінде құрамында есірткі заты бар өсімдік егістігін анықтады.

Одан әрі жедел уәкілдер оның ауласынан өсіп тұрған 2454 түп көкнәрға ұқсас есірткі, сондай-ақ кептіруге дайындалған 80 түптен астам өсімдік тәркіледі.

Сонымен қатар полицейлер күдіктінің үйінен салмағы шамамен 100 грамм болатын есірткіге ұқсас зат салынған қапшық пен шыны ыдыстағы көкнәр тұқымын анықтады.

Сараптама тағайындалды. Аталған жайт бойынша екі баппен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Олар: ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) мен ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру).

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.
 

Өзгелердің жаңалығы