Түркістан облысының алғашқы қырыққабат өнімдері Ресейге жөнелтілді

13 Сәуір 2022, 17:57
1780
Бөлісу:
Түркістан облысының алғашқы қырыққабат өнімдері Ресейге жөнелтілді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жетісай ауданы, Ынтымақ ауылдық округіндегі «Комилжон» шаруа қожалығы қырыққабаттың алғашқы өнімдерін Ресейге экспорттауда. 

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Түркістан облысының алғашқы қырыққабат өнімдері Ресейге жөнелтілді

Шаруа қожалыққа тиесілі 12 гектар жерге ақпан айында қырыққабаттың ерте пісетін «Пекин», «Магнус», «Зарисма» сорттары егілген болатын. 2 гектар алқапқа егілген «Пекин» қырыққабатының 80 мың түп көшетінен алынған өнім 80 тоннаны құрап отыр.

Түркістан облысының алғашқы қырыққабат өнімдері Ресейге жөнелтілді
Түркістан облысының алғашқы қырыққабат өнімдері Ресейге жөнелтілді

Жетісай ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Нұртас Тұрсынбековтің айтуынша, биыл 900 гектар аумаққа қырыққабат егілген. Алдын-ала болжам бойынша 30 мың тонна өнім алу жоспарлануда. Қырыққабаттың басым бөлігі Ресей, Беларусь және Еуропа елдеріне экспортталады.

Түркістан облысының алғашқы қырыққабат өнімдері Ресейге жөнелтілді
Өзгелердің жаңалығы