Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркістан облысында жолды су шайып кетті

Бүгiн, 00:25
158
Бөлісу:

Түркістан облысында жаңбыр жауып, жұртты әбігерге салды. Абай ауылындағы Жаңақорған өзенінің деңгейі көтеріліп, тасқын су демалыс орындарының біріне баратын топырақ жолды шайып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Almaty.tv. жазды.

Салдарынан адамдар қауіпсіз аймаққа шыға алмай қалған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар күшті ағысқа қарамастан, қираған тұстан уақытша өткел жасапты. Сол арқылы қауіпті жерде қалып кеткен адамдарды эвакуациялаған. Оның ішінде 8 бала бар. Қазір барлығы Түркістан қаласына жеткізілген. Мамандардың айтуынша, өңір төтенше жағдайларға толық дайын. Мыңнан аса құтқарушы мен жүзден аса техника кез келген сәтте жұмылдырылмақ.

Демалыс аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты қалып кеткені жөнінде 101 телефонына хабар түсті. Хабарлама бойынша, бір вахтовка автокөлігімен келіп, 20 адамды судан өткізіп, құтқару жұмыстары жүргізілді, – деді Сауран ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Мұхтар Қуанышбаев.

Өзгелердің жаңалығы