Түркістан облысында жаңа мектеп ел игілігіне берілді

Түркістан облысы, Келес ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Түркістан облысы әкімдігі 26 Желтоқсан 2024 2024, 20:05
26 Желтоқсан 2024 2024, 20:05
823
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысы, Келес ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының білім саласындағы инфрақұрылымды жетілдіру тапсырмасымен жүзеге асып, құрылысы жүргізілген жаңа білім нысанының ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысты. Жаңа жыл қарсаңында есігін айқара ашқан білім ұясы 300 орынға лайықталған.

Жиналған жұртты білім мекемесінің ашылуымен құттықтаған облыс әкімінің орынбасары, жаңа мектептің ішін аралап көрді. Заман талабына сай салынған ғимаратта пәндік кабинеттер, спорт залдары мен асхана, медициналық бөлме бар. Барлығы қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Мұнда 379 оқушы білім алады, - деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Наверх