Түркістан облысында жаңа электр станциясының құрылысы бойынша инвестор анықталды

15 Шілде 2022, 20:37
1112
Бөлісу:
Түркістан облысында жаңа электр станциясының құрылысы бойынша инвестор анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 15 шілдеде «ЭҚРҚО» АҚ алаңында генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттық өтті. 

Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Осы аукциондық сауда-саттық шеңберінде Түркістан облысында белгіленген электр қуаты кемінде 926,5 МВт бу-газ қондырғысын салуды көздейтін жоба бойынша инвесторларды іріктеу жүргізілді.

Аукциондық сауда-саттық тетігі Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі реттеу қуатының тапшылығын жабу мақсатында, сондай-ақ халықты және кәсіпкерлік субъектілерін сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін енгізілді.

Осы тетікті имплементациялау шеңберінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі тиісті нормативтік құқықтық актілерді, генерациялайтын қондырғыларды орналастыру жоспарын және аукциондық сауда-саттықты өткізу графигін дайындады.

Аукциондық сауда-саттыққа үш қатысушы жіберілді. Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша «ПГУ Туркестан» ЖШС жеңімпаз болып жарияланды. Бұл ретте аукциондық сауда-саттық шеңберінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке тарифті айына 16 299 800 теңгеден 16 275 800 тг/МВт*дейін (ҚҚС-сыз) төмендетуге қол жеткізілді.

Аукциондық сауда-саттық жеңімпазы 2026 жылға қарай электр станциясының құрылысын аяқтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы заңнамада көзделген талаптарды орындауға міндетті.

Өз кезегінде, инвестор үшін электр қуаты нарығы шеңберінде 15 жыл ішінде «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС тарапынан 926,5 МВт электр қуаты көлеміне салынған инвестициялардың кепілдендірілген қайтарымы қамтамасыз етіледі, сондай-ақ басқа да қолдау шаралары, оның ішінде отынды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету, сыртқы газ құбырын және электр желілік инфрақұрылым салу көрсетіледі.

ЭҚРҚО» АҚ сауда жүйесіндегі аукциондық сауда-саттық қорытындылары туралы ақпарат: https://www.korem.kz/kaz/press-centr/novosti_kompanii/?cid=0&rid=961

Өзгелердің жаңалығы