Түркістан облысында тұрғыннан қару-жарақ пен оқ-дәрілер алынды

30 Желтоқсан 2022, 19:43
749
Бөлісу:
Түркістан облысында тұрғыннан қару-жарақ пен оқ-дәрілер алынды

Түркістан облысының полицейлері тұрғыннан қару-жарақ, оқ-дәрілер мен пышақтар тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Кентау қаласының аумағында атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаудың кезекті дерегін анықтады. 

Нақтырақ айтсақ, жедел уәкілдер іздестіру шарасы кезінде тұрғынның үйінен заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді анықтады. Тінту жүргізу кезінде күдіктіден ТОЗ қару, түрлі калибрлі 60-тан астам оқ-дәрі, қолдан жасалған екі пышақ тәркіленді. 

Тәртіп сақшылары заттай дәлелдемелерді сараптамаға жіберді. Бұл жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркеді.   Қазіргі уақытта осы жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталады.

Өзгелердің жаңалығы