Түркістан облысында танысын алдап, 5 млн теңге шығын келтірген алаяқ ұсталды

13 Сәуір 2022, 04:40
1431
Бөлісу:
Түркістан облысында танысын алдап, 5 млн теңге шығын келтірген алаяқ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында танысын алдап, 5 млн теңге шығын келтірген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғанын айтып шағымданды.

Жәбірленуші әйелдің айтуынша, 2021 жылдың қаңтар айында жақын танысы «бірге жеке бизнес ашамыз» деген сөзіне сендіріп, өзінің атынан 5 млн теңге несие алдырған. Алайда танысы ақша алғаннан кейін жасырынып, берген уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай әбігерге салған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Осы жайтқа байланысты алаяқтық қылмысын ашу мақсатында полиция бөлімінде тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтап, оны ПБ-ға жеткізді. Ол Кентау қаласының тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, полиция қызметкерлері ұсталған ер адамның алдау жолымен алған ақшаны өзінің қажеттілігіне жаратып жібергенін анықтады. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары алаяқтың бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

Өзгелердің жаңалығы