Түркістан облысында суға шомылуға тыйым салынған 111 участок бар

23 Тамыз 2023, 02:30
561
Бөлісу:
Түркістан облысында суға шомылуға тыйым салынған 111 участок бар
Фото: архив

Түркістан облысында суға шомылуға тыйым салынған 111 участок бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның ішінде ең ірі дегендері Арыс-Түркістан каналы, Қарашық пен Сырдария өзені. Дәл осы Сырдарияға Отырар ауданы аумағында Аққұм және Балтакөл ауылдық окургтары маңында суға шомылуға қатаң тыйым салынған.Play Video

Аймақтың су айдындарында 52 төтенше жағдай тіркелген. Шомылу маусымы басталғалы бері күні кешегі қайғылы оқиғадан бөлек, облыста 10 адам суға батып, мерт болған.

Судағы оқыс жағдайлардың ел бойынша статистикасы көңіл көншітпейді. Жыл басынан бері 198 адам суға батып кеткен. Оның 57-сі бала. Төтенше жағдайлар барысында 190 адам құтқарылды. Олардың 64-і кәмелет жасына толмағандар.

Өзгелердің жаңалығы