Түркістан облысында сотталушы ауруханадан қашып кетті

Түркістан облысында медициналық мекемеден сотталушы қашып шықты. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев 24 Қазан 2025 2025, 17:13
24 Қазан 2025 2025, 17:13
674
Фото: BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Түркістан облысында медициналық мекемеден сотталушы қашып шықты. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға 23 қазанда болған. Ер адам ем алып жатқан ауруханадан өз бетінше шығып кеткен. Қазір полиция қызметкерлері оның орналасқан жерін анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Іздеу жұмыстарына полицияның бүкіл жеке құрамы жұмылдырылды. Бақылау бекеттері қойылып, қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары атқарылуда. Оқиға бойынша қызметтік тергеу басталды, оның нәтижесінде кінәлі тұлғаларға қатаң шаралар қабылданатын болады, - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Наверх