Түркістан облысында құлпынай пісті

28 Сәуір 2022, 19:44
2685
Бөлісу:
Түркістан облысында құлпынай пісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Келес ауданына қарасты Қазақстан елді мекенінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Исмадияр Адилов бүгінде құлпынай егіп, еңбекпен нанын тауып отырғандардың бірі.

Диқанның айтуынша, 1 гектар жерге егілген құлпынайдан жылына 15-20 тонна өнім алады екен. Жақсы өнім алу үшін алқаптың топырағын құнарландыруға да үлкен көңіл бөліп, құлпынайды ылғалды топырақта өсіруде. Топырақтың ылғалдылығын сақтау үшін онда тыңайтқыштар төгіліп, тиісті күтім жасап келеді.

Түркістан облысында құлпынай пісті

Былтыр күзде еккен құлпынай өнімі биыл жетіліп, үшінші терімін еліміздің ішкі нарығына шығарып үлгерді. Құлпынайдың бірінші терімінен 200 келі өнім алса, екінші терімі 800 келіге жеткен. Ал үшінші терімнен өнімді рекордтық көрсеткішке жеткізген дихан 1 гектардан 4 тонна өнім алған. Өнімге сұраныс еліміздің ірі қалалалары және өзіміздің облыс аумағындағы аудандардан келіп түсуде. "Басын көтеріп елден сұрағанша, басын иіп жерден сұрайтын" диқан тілімдей жерден жылдық азық жинауға бел байлап, құлпынайды құлпыртып, бүгінде кәсібін жандандырып отыр.

Түркістан облысында құлпынай пісті
Өзгелердің жаңалығы