Отырар аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адам өз шағымында, құны 4 миллионға жуық тұратын 20 бас сиырының жоғалып кеткендігі туралы айтып, көмек сұраған. Оның айтуынша, сиырын егістік алқапқа жайылымға жібергенін, оларды іздеп барғанында сол аймақтан таба алмағандығын көрсеткен. Полиция қызметкерлері аталған хабарлама бойынша жедел әрекет етіп, іздеуге кірісті.
Ауыл аймақтарды, егістік алқаптарын, барлығын толық тексеріп шықты. Сақшылардың тыңғылықты жұмысының нәтижесінде, жоғалған сиырларды көрші ауылдан жайлып жүрген жерінен тауып берді.
Осы тұста, тұрғын жоғалған малын тауып берген полиция қызметкерлеріне өз алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.