Түркістан облысы Боралдай ауылдық округында үш жасар баланың мәйіті өзеннен табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar сайтына сілтеме жасап.
Алдына ала мәлімет бойынша 2020 жылы туған бала 4 наурызда шомылуға арналмаған орында суға түсіп кеткен.
4 наурызда 18:00-де Түркістан облысы ТЖД "112" пултіне Боралдай ауылдық округы Жоғарғы Боралдай ауылының тұрғындары судан 2020 жылы туған баланың мәйітін шығарғаны туралы ақпарат келіп түсті, – делінген хабарламада.
ТЖД өзеннің тұрғын үйге жақын екенін мәлімдеді.
Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері, полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жіберілді, – деп қосты ведомство өкілдері.