Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адамның айтуынша, ауыл сыртында мал бағатын малшыға малын сеніп тапсырған. Алайда оның сеніп тапсырған үш жылқысын жымқырып кеткен. Күдікті жәбірленуші азаматқа 2 млн теңге шығын келтірген.
Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тіркеді. Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 44 жастағы ер адамды жеткізіп, одан жауап алды.
Белгілі болғандай, күдікті ер адам жылқыларды 2 миллион теңгеге сатып, ақшаны өзінің бас пайдасы үшін жаратқан. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.