Түркістан облысында лауазымды тұлғалар ұсталды

1 Желтоқсан 2023, 09:44
925
Бөлісу:
Түркістан облысында лауазымды тұлғалар ұсталды
Фото: Арман Мухатов - архив

Түркістан облысының прокуратурасы Төлеби аудан әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты ауданның арнайы жер қорындағы жерлерді заңсыз актілерді рәсімдеу арқылы аса ірі мөлшерде алаяқтықпен иеленген фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркістан облысының прокуратурасының мәлімдеуінше, қылмыстық іс бойынша ауданның Жер қатынастар бөлімінің басшысы, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, осы бөлімнің бұрынғы басшысымен алдын-ала сөз байласу арқылы нарықтық құны 326млн теңге құрайтын 200 га астам құнарлы жер учаскелерін заңсыз рәсімдегені бойынша күдіктелуде.

Түркістан облысының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен күдікті тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда аталған қылмысқа басқа да тұлғалардың қатыстылығын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы