22 ақпанда Түркістан қалалық ПБ-ның кезекші бөліміне жедел жәрдем қызметінен көше қиылыстарының бірінде пышақ жарақаты бар ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауыр қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары куәгерлерден жауап алып, барлық полиция бекеттеріне хабарлама таратқан. Нәтижесінде күдікті бірден ұсталды. Ол - Түркістан қаласының тұрғыны. Жас жігіт кінәсін мойындады. Заттай дәлел ретінде ас үй пышағы алынды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, екі ер адам арасында мал етін кесуге қатысты жанжал туындап, соңы кісі өлімімен аяқталған.
ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен "Кісі өлтіру" сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.