Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркістан облысында емхана басшысынан 1 млн теңге талап еткен блогер ұсталды

Бөлісу:
 polisia.kz
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында медициналық мекеме басшысынан ақша талап еткен блогер ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында Келес ауданы бойынша 32 жастағы блогерді ұстады. Күдікті әлеуметтік желілерде медициналық мекеме басшысының беделіне нұқсан келтіретін мазмұндағы материалдарды таратпайтыны үшін 1 миллион теңге көлемінде қаражат талап еткен. 

Түркістан облысында емхана басшысынан 1 млн теңге талап еткен блогер ұсталды

Полиция мәліметіне сәйкес, ұсталған азаматша блог жүргізіп, өзін қоғам белсендісі ретінде көрсеткен. Қазіргі уақытта бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер тәркіленді және оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы