Түркістан облысында бір жылда 62 кооператив құрылды

Бүгiн, 07:23
219
Бөлісу:
Түркістан облысында бір жылда 62 кооператив құрылды
Фото: gov.kz

2024 жылдың қорытындысымен Түркістан облысында құрылған кооператив саны 62-ні құрады. Оның 37-і қаржыландырылып, нәтижесінде 23 кооператив қызмет көрсету үшін техникалар сатып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі жазды.

Сонымен қатар, 14 кооператив қайта өңдеу цехтарын іске қосты. 148 азамат тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. «Ауыл аманаты» жобасын кооперацияға бағдарлау ісі биыл да жалғасын табады.

Су шаруашылығы нысандарын қалпына келтіру бойынша І кезеңге 14 жоба ұсынылып, 166 шақырым су арнасын бетонмен қаптау көзделуде. Жоба толық іске асқан жағдайда іргелес жатқан 53,3 мың гектар жерге ағын су жеткізу жақсармақ. «Тұран су» және «Қазсушар» мекеме басшыларына облыстағы механикалық тазалаудан өткен және тазалауды қажет ететін су арналарына қатысты тиянақты сараптама ұсыну жүктелді, - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы