Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Кентау қаласында бетон өндіретін "Фахри СтройБетон" ЖШС-і іске қосылып, жұмысын бастады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа зауыт м150-м450 маркалы бетондарды өндіреді.
Өндіріс орны қазіргі таңда 30 адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауыт сағатына 3 текше метрлік 120 дана бетон өңдеуге қауқарлы.
Бүгінгі таңда шығарылған бетондардың барлығы дерлік Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларға жіберілуде.
"Кәсіпорында 15 HOWО камазы, 1 жүк машинасы, 1 автобетон-насос көлігі бар. Зауыттағы бетон жасап шығаратын құрылғылардың барлығы Түркия елінен әкелінген. Серістестік басшылығы болашақта зауыт аймағын ұлғайтып, өнім көлемін көбейтуді мақсат етіп отыр", - делінген баспасөз хабарламасында.