Түркістан облысында белгісіз біреулер жылқыларды көлікке тиеп әкеткен

26 Ақпан 2023, 13:05
725
Бөлісу:
Түркістан облысында белгісіз біреулер жылқыларды көлікке тиеп әкеткен
Фото: Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушысы ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз біреулер оның ұлын ұрып-соғып, қарумен қорқытып, 3 миллион теңге тұратын жылқысын көліктеріне тиеп алып кеткен.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде үш тұрғын ұсталды. Олардың бірі – ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушысы.

Айғақты зат ретінде алынған мал заңды иесіне қайтарылды.

ҚР ҚК-нің 389-бабының 3-бөлігі "Өзінше билік ету" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы