Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы көпбейінді аудандық орталық ауруханада салмағы 6015 грамм ал бойы 63 см болатын алып сәби дүниеге келді.
Дәрігерлер кеңесінің шешімі бойынша ана кесар тілігі арқылы босанған. Ота сәтті аяқталып, бүгінде ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде дәрігерлердің бақылауына алынған. Бұл – ақ халаттылардың кәсіби біліктілігі мен жанашыр еңбегінің нәтижесі, - деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте үшем дүниеге келгенін хабарладық. Сондай-ақ, Алматыда үшем дүниеге келді.