Түркістан облысында балалар балабақшада жаппай уланды

26 Маусым 2024, 15:55
365
Бөлісу:
Түркістан облысында балалар балабақшада жаппай уланды
Фото: BAQ.KZ -архив

Түркістан облысы білім басқармасы жағдайды өз бақылауына алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға Келес ауданындағы жекеменшік балабақшада болған.

Балалардың улану жағдайы Түркістан облысы білім басқармасының назарына алынды. 24 маусым күні таңғы астан кейін сағат 11.00 шамасында балалар өздерін жайсыз сезіне бастаған. Бөбекжай-балабақша қызметкерлері дәрігер мен мейірбикені шақырып, алғашқы дәрігерлік көмектер көрсетілген, - делінген басқарманың баспасөз хабарламасында.

Келес аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізеді. Таңғы аста балаларға берілген ботқаның құрамы, сүттің құрамы сараптамаға жіберілген.

Ауруханаға жөнелтілген балалардың жағдайы дәрігерлердің жіті бақылауында. Жағдайға байланысты Келес аудандық полиция бөлімі тарапынан қылмыстық іс қозғалды.

БАҚ беттеріндегі мәліметтерге сәйкес ауруханада балалардың 15-не алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне қайтарылған. Қалған 19 баланың үшеуі жансақтау бөлімшесіне, 16 бүлдіршін жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды.

Өзгелердің жаңалығы