Түркістан облысында автогаз бекетінде жарылыс болды

22 Наурыз 2025, 22:09
919
Бөлісу:
Түркістан облысында автогаз бекетінде жарылыс болды
Фото: архив

Түркістан облысында жанармай құю станциясында болған жарылыс салдарынан екі адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды , деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға кеше болған.

21 наурыз күні сағат 16:30-да Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «112» жедел-құтқару жасағына Шардара ауданындағы Жаушықұм ауылындағы газ толтыру стансасында газ сорғысының жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Құтқарушылар жарылыс автомобильдің жанармай құю бекетіне соқтығысуынан кейін болғанын анықтады.

Зақымдану салдарынан резервуардан газ ағып, кейін газ-ауа қоспасының тұтануы орын алған. Өрт жақын жерде тұрған көлікке тарады. Кейін өрт сөндірушілер өртті толығымен сөндірді.

Оқиға салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тапты, үшеуі күйік алды, - деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы