Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркістан облысында 85 млн теңге қарызы бар көлік жүргізуші анықталды

11 Желтоқсан 2024, 20:27
759
Бөлісу:
 BAQ.KZ  архив
Фото: BAQ.KZ архив

Патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау - қауіпті жүргізуші” бағдарламасы арқылы Lexus көлігіне қатысты белгі алды, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл көліктің иесі қомақты мөлшерде қарызын төлемеген болып шықты. Полиция қызметкерлері көлікті Шымкент - Самара тасжолында тоқтатып, жүргізушінің қаржы ұйымына 85 миллион теңгеден астам қарызы бар екенін анықтады.

Көлік айыптұраққа қойылды. Полицейлер жүргізушіге қарызды уақытында төлеу қажеттігін түсіндірді.

Өзгелердің жаңалығы