Түркістан облысында 5000-ға жуық нысан Ashyq қосымшамен жұмыс істеп тұр

26 Қаңтар 2022, 08:15
1318
Бөлісу:
Түркістан облысында 5000-ға жуық нысан Ashyq қосымшамен жұмыс істеп тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында омикрон штамы тіркелмегенімен Covid-19 инфекциясының таралуы өршіген. 

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

24 қаңтар күнгі мәлімет бойынша өңірде коронавирусқа шалдыққан 123 жағдай тіркелді. Бұл туралы брифингте облыстың бас санитариялық дәрігерінің орынбасары Бахтыораз Елемесов мәлімдеді.

Түркістан облысында 5000-ға жуық нысан Ashyq қосымшасын қолдануда. Өңіріміз «сары» аймақта болғандықтан бірқатар шектеу шаралары мен барлық санитарлық талаптар ескерілуі тиіс. Жаңа қаулы шеңберінде сенбі-жексенбі күндері нысандарға «көк» статустағы азаматтар да кіргізіледі. Сонымен қатар, мекемелер мен кеңсе қызметкерлерінің 50%-ы қашықтықтан жұмыс атқаруларына болады,-деді ол.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амированың сөзінше, мейрамхана, кафе, қоғамдық тамақтану нысандары, бильярд, боулинг орталықтары, театрлар, концерт залдары, филармониялар, цирктер, сондай-ақ компьютер клубтары «сары» аймақта толымдылық 70 пайызға дейін, «қызыл» аймақта 60 пайызға дейін шектеумен жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы