Түркістан облысында 4 есірткіні даярлау лабораторияcы жойылды

Бүгiн, 20:46
127
Бөлісу:
Түркістан облысында 4 есірткіні даярлау лабораторияcы жойылды
Фото: Түркістан облысының прокуратурасы

Облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиевтің төрағалығымен полиция департаментінің ғимаратында есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдың тиімділігі мәселесі бойынша құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кеңес жұмысына облыс әкімі, уәкілетті және құқық қорғау органдардың басшылары қатысты.

Жиналыста заңсыз есірткі айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жедел-профилактикалық іс-шараларды одан әрі жандандыру жөніндегі шаралар қаралды.

2024 жылдың 10 айында Түркістан облысының қылмыстық қудалау органдарымен есірткінің заңсыз айналымына қатысты 530 қылмыс тіркеліп, 467 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған, оның ішінде есірткі сақтағаны үшін 202, есірткі сату бойынша 34, ал есірткі контрабандасы үшін 170 адам, - делінген хабарламада.

Жалпы 1,1 тонна тыйым салынған заттар жойылды, 4 есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды, "Кибернадзор" бағдарламасымен 115 заңсыз интернет-контент бұғатталды, есірткі жарнамасы бар 46 граффити анықталды, олар бойынша 8 қылмыстық іс басталды.

Үйлестіру Кеңесінің қорытындысымен қылмыстық қудалау және уәкілетті органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

Өзгелердің жаңалығы