Түркістан облысында 3 дәрігерлік амбулатория ашылды

Кеше, 21:20
143
Бөлісу:
Түркістан облысында 3 дәрігерлік амбулатория ашылды
Фото: ДСМ

Тәуелсіздік күні қарсаңында Сайрам ауданы, Құтарыс ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.

Салтанатты ашылуына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, тұрғындарды құттықтады.

Облысымызда 2024 жылы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында 49 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының құрылысы жүргізілді. Оның ішінде Сайрам ауданына 3 нысан қаралды. Бүгін облыста биыл салынған 49 дәрігерлік амбулаторияның алғашқысының ашылу салтанатына қатысып отырмыз. Өңірде ұлттық жобадан тыс, облыс және инвесторлар қаржысы есебінен 6 нысанның құрылысы іске асырылды. Осы нысандар арқылы ауылдар мен елді мекендердің 90 мыңнан астам тұрғыны медициналық көмекпен қамтылады, – деді Дархан Сатыбалды.

5 мыңға жуық тұрғыны бар ауылдағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетіледі. Медициналық мекемеде жалпы тәжірибелі дәрігерлердің қабылдау бөлмелері, әйелдер бөлмесі, күндізгі ем қабылдау, емдік дене шынықтыру, екпе егу, ем-шара, сүзгі бөлмесі бар, сонымен қатар медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті құрылғылармен жабдықталған.

Биыл Түркістан облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жалпы 49 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын салу жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы