Түркістан облысында Конституция күніне орай 180-нен астам полицей марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kzке сілтеме жасап.
Оқи отырыңыз:
Конституция күні мерекесіне орай Түркістан облысы полиция департаментінің мәжіліс залында салтанатты шара өтті.
Жиынға Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов арнайы қатысып, барша полицейлерді еліміз үшін маңызды мерекемен құттықтады. Одан соң, облыстың бас полицейі М.Қабденов өздеріне жүктелген міндетті абыройлы атқарып жүрген үздік тәртіп сақшыларын марапаттады.
Шара соңы өнер жұлдыздарының ән шашуына ұласты. Мұрат Қабденов халық пен елге қызмет етуді өзіне азаматтық борыш санаған тәртіп сақшыларын марапаттарымен құттықтай отырып, еңбектеріне табыс, қызметте абырой тіледі.