Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркістан облысында 18 отбасы әлеуметтік көмекті заңсыз алып отырған

17 Қыркүйек 2025, 17:17
1423
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Жетісай ауданында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындау үшін жергілікті атқарушы органмен құрылған комиссия  «атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж емес» деген қорытынды бергеніне қарамастан 18 отбасыға негізсіз 3,1 млн теңге төлем жүргізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ал Сарыағаш ауданының Қапланбек ауылдық округінде учаскелік комиссия хатшысы мен ауылдық округ әкімінің орынбасары комиссия мүшелерінің атынан қол қойып, 56 өтініш бойынша жалған қорытындылар рәсімдеп, соның салдарынан 9,7 млн теңге мемлекеттің қаржысы мақсатсыз жұмсалған.

Бұл прокуратураның АӘК талдау жүргізу барысында анықталған, қаражатты қайтару және кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, қазіргі таңда қаралу сатысында.

Өзгелердің жаңалығы