Түркістан облысында 16 жасар жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті

Қазіргі уақытта полиция жасөспірімді іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 Polisia.kz Кеше 2026, 22:53
Кеше 2026, 22:53
178
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысы, Кентау қаласында 2010 жылы туған Сүлеймен Дамир Қанатұлы із-түссіз жоғалып кетті. Ол 9 наурыз күні үйінен шығып, содан бері оралмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта полиция жасөспірімді іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тәртіп сақшылары азаматтардан жоғалған бала туралы қандай да бір ақпарат болса, 8-775-000-02-11, 8-705-311-78-53 нөмірлеріне немесе «102» арнасына хабарласуды сұрайды.

Полиция кез келген ақпараттың маңызды екенін атап өтіп, тұрғындарды бірлесіп әрекет етуге шақырады.

Наверх