Түркістан облысында 16 әлеуметтік нысан ашылды

16 Желтоқсан 2023, 12:18
753
Бөлісу:
Түркістан облысында 16 әлеуметтік нысан ашылды
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысында 7 мектеп ел иігілігіне пайдалануға беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тәуелсіздік күнінің қарсаңында Түркістан облысында білім саласы бойынша 8 нысан қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Оның ішінде 7 мектеп, бір жатақхана бар. Ал мәдениет саласы бойынша 3 нысан іске қосылмақ. Яғни, Шалғайда орналасқан Қазығұрт ауданына қарасты Шанақ елді мекені мен Сайрам ауданына қарасты Ақбұлақ ауылында Мәдениет үйі ашылады. Ал Созақ ауданына қарасты Тасты ауылында ауылдық клуб пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Денсаулық сақтау саласы бойынша Ордабасы ауданындағы Шұбар ауылында ФАП және Жетісай ауданындағы орталық саябақта орналасқан сауықтыру спорт кешені қолданысқа берілмек.

Сондай-ақ Жетісай ауданындағы Байқоныс, Сейфуллин, Отан елді мекенінде газ өткізгіш нысан іске қосылады.

Өзгелердің жаңалығы