Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркістан облысында 134 мың гектардан астам жерде сор шаю жұмыстары аяқталды

4 Мамыр 2025, 12:20
617
Бөлісу:
 Фото: Түркістан облысының әкімдігі
Фото: Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Түркістан облысының «Қазсушар» филиалы 134 мың гектардан астам жерде сор шаю жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған жұмыстар облыстың үш ауданында: Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарында өтті.

Сор шаю жұмыстары жыл сайын егіс алқаптарында ылғал көлемін ұлғайту, топырақтың құнарлығын арттыру және ауыл шаруашылығы өнімділігін жақсарту үшін жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығы алқаптарына уақытылы және тұрақты су берудің нәтижесінде өңірдің шаруа қожалықтары жақсы өнім алуда. Біздің филиал жергілікті шаруаларды суармалы сумен қамту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Кейбір дихандар алғашқы өнімдерін жинап, ішкі нарықта сатуға және экспортқа жіберіп жатыр,- деді Түркістан облысының «Қазсушар» филиалының директоры Қазыбек Бедебаев.

Өзгелердің жаңалығы