Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Спутник Лайт» — ревакцинация үшін қолданылатын бір компонентті вакцина. Ол Ресейде әзірленген.
Айта кетейік, облыста 1 046 428 адам вакцинаның бірінші құрамын салдыруға ниет білдірген. Екінші компонентін 1 037 716 адам қабылдаған. 90 972 тұрғын ревакцинация алған.
Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір облыс аумағында 150 екпе қабылдау бекеті жұмыс істейді. Бүгінде облыс «сары аймақта» тұр. Өңірде 22 қаңтарда COVID-19 індетінің 135 жағдайы тіркелді.
Тәуліктік өсім 0.77%. Қазір инфекциялық стационарларда барлығы 900 орын бар. Мұнда 279 науқас ем қабылдап жатыр, - делінген хабарламада.
Жалпы пандемия белең алғалы КВИ-дің 17 531 жағдайы анықталды. Сондай-ақ бүгінге дейін 1 202 975 ПТР сынамасы алынған. Ал соңғы тәулікте зертханаларда 2152 адам тексерілді.