2024 жылдың жартыжылдығының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 216,9 млрд теңгені құрады, өсім 107,1% деңгейінде байқалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аталмыш салаға 2024 жылғы қаңтар-маусымда 58,2 млрд теңге инвестиция тартылды. Түркістан облысы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша көшбасшы болып табылады.
Атап айтқанда, 2024 жылға арналған «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыруға өңірге 10,6 млрд теңге қарастырылған. Жобаға 62 ауылдық округ және 62 кооператив қатысуда. 1 215 жобаға қолдау көрсетіледі және 1 701 жұмыс орны құрылады.
Бағдарлама AMANATNESIE.KZ платформасында жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығы дақылдары 873 мың гектар жерге егілді.
Жоспарланған егіс алқаптарынан 248,2 мың га, 624 мың тонна астық жиналды. Ауданы 1 640 га жылыжайларда 152,4 мың тонна өнім пісіп жетілді.
Облыс мал шаруашылығын дамыту және ет экспорты бойынша жетекші орынға ие: Түркістан облысының үлесіне ірі қара мал басының 14% -ы, қойлардың 23% -ы, жылқылардың 11% -ы, түйелердің 15% -ы, өндірілген ет 12% -ы, сүттің 14% -ы тиесілі. Экспортталатын ІҚМ етінің үлесі 80%, ІҚМ - 75% құрайды.
Өңірде 9 183 бордақылау алаңы жұмыс істейді. 2030 жылға қарай 216,3 мың гектарға су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарлануда. ағымдағы жылдың 6 айында облыста 13,1 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілді, оның ішінде 8,1 мың гектарға тамшылатып суару, 5 мың гектарға - бүрку технологиялары орнатылды.