Түркістан: Мереке қарсаңында үшем дүниеге келді

8 Наурыз 2021, 15:13
1586
Бөлісу:
Түркістан: Мереке қарсаңында үшем дүниеге келді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында шала туған үшемнің өмірін дәрігерлер аман алып қалды. Сарыағаш ауданынының 34 жастағы тұрғыны Лаура Тұрарбекова 8 наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы қарсаңында үш қыз босанған.

Бүгінде мерзімінен ерте туған нәрестелер №1 Облыстық перинаталдық орталығындағы дәрігерлердің бақылауында. 

Түркістан: Мереке қарсаңында үшем дүниеге келді 

Үш қызымның рақатын көрейін енді. Үйімде тағы екі ұл мен екі қызым асыға күтуде. Мереке қарсаңында босанып отырмын. Осы орайда, ақ халатты әйелдер қауымын мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Дәрігерлерге мың алғыс, - дейді ана. 

Түркістан: Мереке қарсаңында үшем дүниеге келді

Жаңа туған сәбилерге Жания, Рабия, Сания есімдері берілді.

Түркістан: Мереке қарсаңында үшем дүниеге келді

Ақ халаттылардың біліктілігі мен күтімінің, тынымсыз еңбегінің арқасында шала туған шақалақтар аман қалып, аналары оларды бауырына баса алды. Себебі, жеті жарым айлық болып өмірге келген шақалақтардың өкпесі дұрыс дамымай, бәрі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Түркістан: Мереке қарсаңында үшем дүниеге келді

   Айта кетсек, жыл басынан бері орталықта 1571 бала дүние есігін ашқан. Олардың  38-і егіз болса, екеуі үшем.   

Түркістан: Мереке қарсаңында үшем дүниеге келді

Өзгелердің жаңалығы