Түркістан: Кентауда кен байыту комбинаты іске қосылады

Кентау қаласында түсті полиметал кендерін және металургия өндірісінің өнеркәсіптік қалдықтарын қайта өңдеу бойынша кен байыту комбинаты іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 16 Қаңтар 2024 2024, 04:35
16 Қаңтар 2024 2024, 04:35
1600
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Кентау қаласында түсті полиметал кендерін және металургия өндірісінің өнеркәсіптік қалдықтарын қайта өңдеу бойынша кен байыту комбинаты іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «КазОйлЭнерджи» ЖШС-нің өндірістік алаңындағы жобаның құны 27 млрд. теңге. Жылына 3,5 мың тоннаға дейін өндірістік қалдықтарды өңдейтін кәсіпорын 1500 адамды жұмыспен қамтымақ. Сонымен қатар қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға үлесін қосады.

Қазіргі таңда мұнда өндірістік алаңды дайындау жұмыстары қарқын алып, қажетті құрал-жабдықтар орналастырылуда. Өндіріс орны биыл тестілік режимде жұмысын бастайды, - деп жазылған хабарламада.

Наверх