Түркістан қаласының әкімі вакцина салдырды

13 Сәуір 2021, 18:04
2059
Бөлісу:
Түркістан қаласының әкімі вакцина салдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласы әкімі Рашид Аюпов коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

1 ақпаннан бастап індет жұқтыру көрсеткіші жоғары деп танылған бірқатар сала қызметкеріне коронавирусқа қарсы екпе салдыру науқаны бастау алған болатын.

Екпе алу процесі халық арасында ерікті түрде жүргізіліп жатыр. Осы ретте бүгін Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов алғашқылардың бірі болып екпе қабылдады. Бастаманы қалалық әкімдіктің өзге де қызметкерлері жалғастырып жатыр, - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Түркістан қаласы бойынша 9 екпе салу орындары ұйымдастырылған. Қала тұрғындары жұмыс күндері 9:00-17:00 аралығында ерікті түрде тегін екпе салдыра алады.

Вакцинациялау орындарының мекен жайлары:

1) Түркістан қ, Айналма тасжолы №24 ғимарат (ШНОС), байланыс нөмірі: 87765498109;

2) Түркістан қ, Пошанов н/з (Дельфин), байланыс нөмірі: 87079048218;

3) Түркістан қ, 1 мкр №6А (5 этаж), байланыс нөмірі: 87781038477;

4) Түркістан қ, Сандыбай н/з (Бекзат м/а), байланыс нөмірі: 87013211093;

5) Түркістан қ, Ақмарал клиникасы Ғ. Мұратбаев №24, байланыс нөмірі: 87763255847;

6) Түркістан қ, Талғат клиникасы С. Ерубаев №197А, байланыс нөмірі: 87002777804;

7) Түркістан қ, Ақзере клиникасы Б. Майлин №179Б, байланыс нөмірі: 87013985183;

8) Түркістан қ, ХҚТУ клиникасы Б. Саттарханов даңғылы н/з, байланыс нөмірі: 87750589227;

9) Түркістан қ, Санитас клиникасы Абылай хан №108, байланыс нөмірі: 87763250343

Бүгінгі таңда Түркістан қаласы бойынша бірінші компонентті 2 995 адам, екінші компонентті 1 205 адам алған. Екпе салдырған азаматтар арасында Қазақстан бойынша екпенің кері әсері тіркелмеген.

Өзгелердің жаңалығы