«Turkistan Invest» ЖШС төрағасының орынбасары 3 жылға сотталды

17 Мамыр 2022, 19:44
1573
Бөлісу:
«Turkistan Invest» ЖШС төрағасының орынбасары 3 жылға сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қалалық сотының үкімімен орташа қауіпсіз түзеу мекемесінде жазасын өтеумен «Turkistan Invest» Инвестициялар тарту және экспортты дамыту жөніндегі өңірлік агенттігі» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары А. Ержанов 3 жыл 6 айға сотталды,- деп хабарлады Антикор. 
 

Ол «Композит Групп Казахстан» ЖШС басшылары С. Конусов пен А. Гомаюмовты алдау жолымен 2 млн теңге иемденгені және Түркістан облысы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына тракторларды жеткізу бойынша Мемлекеттік сатып алулар конкурсының жеңімпазы деп танығаны үшін пара беруге айдап салғаны үшін кінәлі деп танылды, - делінген хабарламада.

 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы