Түркістан бағытындағы әуе рейстерінің саны артады

Бүгiн, 12:37
183
Бөлісу:
Түркістан бағытындағы әуе рейстерінің саны артады
Фото: Көлік министрлігі

Еліміздің әуекомпаниясы әуе сапарларының қолжетімділігін арттыру және ішкі туризмді дамыту мақсатында 4 қаңтардан бастап Қостанай-Түркістан бағыты бойынша және 13 қаңтардан бастап Қарағанды-Түркістан бағыты бойынша Түркістанға екі субсидияланатын әуе рейстерін іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ

Сондай-ақ 13 қаңтардан бастап Астанадан Түркістанға әуе сапарларын іске қосу жоспарланып отыр.

Астана-Түркістан

Рейстер аптасына 2 рет орындалады:

Дүйсенбі күндері:

IQ 369 Астана (07:05) – Түркістан (09: 05);

IQ 370 Түркістан (14:40) – Астана (16:55).

Сәрсенбі күні:

IQ 369 Астана (09:50) – Түркістан (11:40);

IQ 370 Түркістан (17:20) – Астана (19:20).

Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар әуе рейстерінде 14 жасқа дейінгі балаларға әуекомпания 50% көлеміндегі жеңілдік ұсынады.

Қостанай-Түркістан

Рейстер аптасына 2 рет дүйсенбі және сенбі күндері орындалады:

IQ 361 Қостанай (15:00) – Түркістан (17:20);

IQ 362 Түркістан (17:50) - Қостанай (20: 00).

Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар әуе рейстерінің құны бір бағытта 31 000 теңгені құрайды.

Қарағанды-Түркістан

Рейстер аптасына 2 рет орындалады:

Дүйсенбі күндері:

IQ 441 Түркістан (09:50) – Қарағанды (11:40);

IQ 442 Қарағанды (12:20) – Түркістан (14:00).

Сәрсенбі күні:

IQ 441 Түркістан (12:10) – Қарағанды (14:00);

IQ 442 Қарағанды (14:40) – Түркістан (16:40).

Субсидияланатын әуе рейстерінің құны бір бағытта 20 000 теңгені құрайды.

Өзгелердің жаңалығы