Түркістан әуежайына алғашқы рейс қонды

1 Желтоқсан 2020, 16:35
2241
Бөлісу:
Түркістан әуежайына алғашқы рейс қонды
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркістанның Hazret Sultan Airport халықаралық жаңа әуежайына алғашқы ішкі рейс қонды.

Тарихи сәтке орай, Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайынан алғашқы рейспен ұшқандарды мерекелік көңіл-күймен шығарып салынды. Тіркеу орнында қазақтың күйлері шертілді. 

Түркістан әуежайына алғашқы рейс қонды

Нұр-Сұлтан қаласынан flyArystan әуежелісі бойынша Түркістанға тіркелген алғашқы жолаушыға тегін билет сертификаты табысталды. 

Түркістан әуежайына алғашқы рейс қонды

Түркістан әуежайына алғашқы рейс қонды

1 желтоқсанда әуежай Нұр-Сұлтан – Түркістан бағыты бойынша алғашқы рейсті қабылдады.

Түркістанға алғашқы рейсті БАҚ пен авиация саласының мамандары қарсы алды. 

Түркістан әуежайына алғашқы рейс қонды

Авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев атап өткендей, Тұңғыш Президент күніне орай, Түркістан әуежайы алғаш рейс қабылдады. 

Түркістан әуежайына алғашқы рейс қонды

Бүгін бәрімізге қасиетті күн. Әзірге Нұр-Сұлтан мен Алматыдан күніне бір рейс жасалады. Қалған облыс орталықтарынан да ішкі рейстер жоспарланып отыр. Пандемия мәселесі шешілген соң шетелге де рейстер ашылады. Алдымен Стамбұл және Дубай сынды қалаларға әуеқатынасын ашу жоспарланып отыр, - деді ол.
Түркістан әуежайына алғашқы рейс қонды

Ластаев атағандай, әуежайға "ашық аспан" мәртебесі берілгенін айтты. 

Айта кетейік, 5 желтоқсанда Алматыдан әуе қатынасы ашылмақ.

Өзгелердің жаңалығы