Түркіменстанда Жаңа жылды тойлауға тыйым салынуы мүмкін

24 Желтоқсан 2023, 13:26
706
Бөлісу:
Түркіменстанда Жаңа жылды тойлауға тыйым салынуы мүмкін
Фото: pixabay

Түркіменстанда балабақшалар мен мектептерде жаңа жылдық кештер өткізілмейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ жергілікті хәкімліктер әкімшілік ғимараттар мен кеңселердің алдына шырша орнатуға рұқсат бермейді. Үкімет өкілдері жаңа ережелерге қатысты әзірге түсініктеме бермеген. Бұл туралы hronikatm.com жазды.

Биыл Түркіменстанда жаңа жыл кезінде діни ағымдар күшейе бастаған. Имамдар мешіт жамағаттарын «мұсылмандарға жат мейрамды» тойламауға үгіттеп, базарларда шошқа етін сатуға шектеу қойып жатыр. Сондай-ақ департамент ғимараттарының алдына орнатылған жаңажылдық шыршаларжы жинап тастады. Ал былтыр керісінше, ғимараттың ішіне және сыртына екі шырша орнатуға бұйрық берілген, - деп жазды Түркіменстан шежіресі.

Десе де Түркіменстан халқы Жаңа жылды қарсы алуға дайындалып жатыр. Саудагерлердің айтуынша, полицейлер 31 желтоқсан күні кешкі сағат 22.00-ден кейін ішімдік сатуға тыйым салынатынын ескерткен.

Өзгелердің жаңалығы