Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Түрікменстан тұрғындарына ел Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің атынан 2 доллардан сыйақы берілмек. Бұл туралы Centralasia.media хабарлады.
БАҚ Түрікменстанның мемлекеттік ТДХ ақпараттық агенттігінің ақпаратына сүйенген. 8 наурызға дейін Түрікменстан тұрғындарының әрқайсысына 60 манат берілетіні жазылған. Бұл курс бойынша 17,1 долларды құрайды. Ал қара нарықтың бағамы бойынша 1,9 долларға тең.
Ақшалай сыйлықтарды меншік нысанына қарамастан мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істейтін, зейнетақы, жәрдемақы мен стипендия алатын әйелдер, сондай-ақ мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері алатындығы атап өтілген. Бірақ үй шаруасындағы әйелдер мен жеке кәсіпкерлерге берілмейді.
Айта кетейік, 2020 жылы Түрікменстан әйелдердің әрқайсысына 60 манат берген. Бұл сома сол кездегі курспен үш долларға тең болды.
Еске сала кетейік, былтыр Түрікменстанда 8 наурызда әйелдерге 15 доллардан берілгені туралы осыған дейін жазғанбыз.