Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін бірлесіп қамтамасыз етеді

5 Шілде 2022, 15:28
1443
Бөлісу:
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін бірлесіп қамтамасыз етеді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ташкентте Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің Ауыл шаруашылығы министрлерінің бірінші отырысы, түркі Агрофорумы және Экономикалық ынтымақтастық ұйымына  мүше елдердің Ауыл шаруашылығы министрлерінің жетінші кеңесі өтіп жатыр. 

Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін бірлесіп қамтамасыз етеді

Өз сөзінде Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев саладағы проблемаларға назар аударды: климаттың өзгеруі, өнімнің негізгі түрлерін өндіру көлемінің төмендеуі, негізгі аграрлық елдердің сауда саясатындағы өзгерістер, әлемдегі халықтың өсуі. Мұның бәрі бүкіл әлем бойынша азық-түлік бағасының өсуіне әкеледі, сонымен қатар саладағы сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігін қалыптастырады. 

Көптеген елдердегі жағдай ұқсас және мен айтқан факторлар ұлттық азық-түлік жүйелерін қайта құрудың негізгі себептері болуы мүмкін. Елдеріміздің арасындағы аграрлық саладағы ынтымақтастықты дамыту үшін ТМҰ-н ынтымақтастықтың жаңа жағдайлары мен басым бағыттарына бейімдеу қажет, - деді Е. Қарашөкеев.

 Және де Түркі мемлекеттері ұйымының мүшелері жүзеге асыра алатын шешімдерді ұсынды: 

  • Азық-түлік тауарларының өзара саудасында форвардтық келісімшарттар тетіктерін қолдануды кеңейту;
  • Бірін-бірі толықтыру және тиімді кооперация негізінде ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты арттыру;
  • Мал шаруашылығы және элиталық тұқым жеткізу саласында ынтымақтастықты дамыту;
  • Кедергілерді алып тастау, қауіпсіздік сертификаттарын өзара тану, азық-түлік тауарларын жылжытудың «жасыл дәліздерін» құру арқылы сауда байланыстарын нығайту.
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін бірлесіп қамтамасыз етеді

Сондай-ақ ол ТМҰ-на мүше мемлекеттердің аграрлық саладағы ынтымақтастығы қазірдің өзінде жақсы нәтиже көрсетіп отырғанын атап өтті. Пандемияға және ілеспе факторларға қарамастан, Қазақстан 2021 жылы 3,7 млрд АҚШ долларына ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттады. Бұл ретте барлық өнімнің шамамен 36% (1,3 млрд доллар) ТМҰ елдеріне экспортталды. Жалпы, ҚР мен ТМҰ арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 2021 жылы 1,79 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17,1% артық (1,533 млрд АҚШ). Экспорт 19,4% артып, 1,385 млрд АҚШ долларын  құрады. Ал импорт 9,7% артып, 410,7 млн  АҚШ долларын  көрсетті.  

Алайда, бұл сандар-перспективалық жаһандық тауар айналымының бастамасы ғана, деп есептейді  Ауыл шаруашылығы министрі.

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін бірлесіп қамтамасыз етеді

Елдеріміздің арасындағы осы саладағы ынтымақтастық әлеуеті бүгінгі күні толық көлемде іске асырылмай отыр. Түркі өңірінің бизнесмендерін Қазақстан аумағында ауыл шаруашылығы шикізатын (ет және сүт, картоп, қант қызылшасы, майлы дақылдар, жемістер, көкөністер, былғары шикізаты) одан әрі үшінші елдерге экспорттау үшін қайта өңдеу жөніндегі бірлескен жобаларды ұйымдастыруға шақырамыз. Қазақстан өз тарапынан барынша қолайлы жағдай жасауға және жан-жақты қолдау көрсетуге дайын, - деп қосты министр. 

Біздің еліміз ынтымақтастық үшін барынша ашық және Қазақстанда шетелдіктердің қатысуы бар жобаларды қоса алғанда, әріптестік үшін ең қолайлы жағдайлар жасалған. Кездесуге қатысқан мемлекеттер жақын арада бірлестік ішінде, сондай-ақ үшінші елдермен сауда көлемі бірлескен жобаларды арттыру мен Ұйым шеңберінде өзара тиімді әріптестік бойынша нәтижелі шаралардың артатынына сенім білдірді. 

Өзгелердің жаңалығы